Ақмола облысындағы жарылыс: 13 жастағы бала ауруханада қайтыс болды

Бұл туралы Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 20 қарашада сағат 21.34-те Шортанды кентінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала Нұр-Сұлтанның балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.