Басты бет / Жаңалықтар /
Ақназар Қажымұрат
Фото: Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда із-түссіз кеткен Ақназар Қажымұрат қайтыс болды

Жақында полицияға Ақназар Қажымұраттың жоғалып кеткені жайлы хабар түскен.

Бүгін Бостандық ауданының аумағында криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жас жігіттің денесін тапты. Зорлық-зомбылықпен белгілері табылған жоқ. Қаза болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 2018 жылы Ақназар Қажымұрат НЗМ-нің 12-ші сыныбында оқып жүргенде, ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында 36-дан 36 және 2400-ден 2400 балл жинап, рекорд орнатты. Содан кейін ол оқуын жалғастыру үшін әлемдегі кез келген университетті таңдау құқығын алды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok