Астанада Сирия жөніндегі келіссөздер басталды

Келіссөздер Сирия президенті Башар Асад пен оппозициялық топтар арасында атысты доғару жөніндегі келісімді нығайтуды көздейді. Тараптарға бейбет келісім шарттарына қол қою ұсынылады.

Астанадағы кездесуге Құрама Штаттар атынан АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джодж Кролл қатысады. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура да Астанаға келді. Мистура келіссөздерді ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Сириялық оппозиция Астанаға шамамен 50 адамдық делегациясын жіберді. Ресейлік «Интерфакс» агенттігінің оппозициядағы дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, сириялық оппозиция Дамаскінің Астанадағы келіссөздерге әскер қызметкерлерін емес, саясаткерлерді жолдағанын құптап отырған жоқ.

Қазақстан СІМ мәлімдеуінше, келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейін аяқталады, одан соң қорытынды баспасөз конференциясы өтеді.

ДереккөзCentralasian.org