Демалыс күндері қар жауу, боран және күшті жел күтіледі

Республикамыздың солтүстігінде көрінуі 500 метр шамасында нашарлауымен боран, 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел тұрады деп болжануда.

Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік жартысында қар, сулы қар, тұман көрінуі 200-500 метр, көктайғақ күтіледі, жексенбі күні республиканың оңтүстігінде күшті батыс желі 20-25 м/с, екпіні 28 м/с дейін күтіледі.

Еліміздің шығысында ауа температурасы шамамен -4, -5 °С-қа төмендесе, солтүстік аймақ Көкшетау, Павлодар, Қостанай қалаларында  сынап бағанасы -12, -14 °С көрсетеді деп күтілуде.

Батыс аймақ, Орал, Ақтөбе, Атырау қалаларында ауа температурасы шамамен -5, -9 °С болса, Ақтауда сынап бағанасы +2, +4 °С көрсетеді деп болжам жасалды.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +8 °С-қа дейін көтерілсе, елордасы Астанада суық ауа райы, -12 °С сақталады деп күтілуде.

ДереккөзKazhydromet.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да