Қапшағайда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

20 қараша күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай Полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті.

Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді, – делінген Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.