Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы биыл 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған, оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 285 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Биылғы күздік маусымда қалпына келтіру және бастамашылдық ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Қаланың жаңа аудандарына аса назар аударылып жатқандығын атап өту қажет. Осылайша ағаштардың басым бөлігі Алатау, Наурызбай аудандарында отырғызылады.

Қазіргі кезде Түрксіб ауданында 280 жапырақты 280 түп ағаш отырғызылды. ШААЖ мен қарағай орманында жұмыстар басталып, 8 мыңнан аса ағаш отырғызуға арналған шұңқыр әзірленді.

Сонымен бірге қалада кез келген алматылыққа ағаш отырғызуға мүмкіндік беретін «Жасыл қала» науқаны жарияланды.