Басты бет / Жаңалықтар /
бүлдіршін
Фото: ҚР ТЖМ

Семейде 3 жасар бала жағажайда жоғалып кетті

Семейде құтқарушылар Ертіс өзенінің қалалық жағажайында жоғалып кеткен үш жасар баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы туған бүлдіршін жағажай аумағында ересектердің қарауынсыз жүрген. Оны Ертіс жағалауын патрульдеп жүрген Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалған.

Құтқарушылар алдымен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кейін оның ата-анасын іздеуге кіріскен. Көп ұзамай бүлдіршіннің жақындары табылып, бала аман-есен отбасына тапсырылды. Медициналық көмектің қажеті болмаған, — делінген хабарламада.

Осы оқиғадан кейін ТЖМ ата-аналарға су айдындарының маңында балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырды. Ведомствоның ескертуінше, баланы үнемі назарда ұстап, оның өз бетінше жағажай аумағынан кетуіне жол бермеу қажет.

Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram