«Top Gear» бағдарламасында Шымкент қаласы туралы эпизод көрсетіледі

«Түсірілім өте  табысты  өтті», — деген бағдарлама редакторы Алекс Рентон осы сәтті сапар үшін Шымкент мэрі Ғабидолла Әбдірахымовқа Алғыс хат жолдады. Ол фильм түсру барысындағы ең әсерлі эпизодтар Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде шырайлы Шымкент қаласында өткенін, осы түсірілімге қолдау көрсеткені үшін Шымкент қаласының әкіміне алғысын білдірді.

«Top Gear» ең танымал британдық телеарна бағдарламаларының бірі болып табылады. Бұл бағдарлама 1977 жылдан бастап шығарыла бастаған. 350 миллионнан астам ресми аудиториясы бар. Эфирдегі көрсетілім  ұзақтығы — шамамен 60 минут. Құрылғаннан бері «Эмми» және тағы басқа телевизиялық марапаттардың иегері.

«2020 жылға қарай, Шымкент тұрғындар мен туристер үшін тартымды, ыңғайлы қала болуы тиіс. Бұл біздің қаламыздың дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты болып табылады. Біз үшін, «Top Gear» әуелі тұтастай алғанда ерімізді, оның ішінде Шымқаламызды  халықаралық аудитория назарын аудартуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Біз аталған бағдарлама  тобының Шымкентті түсірілім алаңы ретінде таңдағаны үшін алғысымызды бірдіреміз» — деп хабарлайды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.