Қазақстандық киноға заңнамалық база қажет

Бұл елімізде тұңғыш рет әзірленіп отырған «Киноматография туралы» заң жобасын қабылдау. Ол наурыз айында Үкiмет қарауына ұсынылып, мамырда Парламентте қаралады деп жоспарланып отыр.

Екінші мәселе — отандық кинематограяфияны 2050 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасының жобасын дайындау. Құжат осы саланың дамуындағы негізгі тәсілдерді құқықтық тұрғыда бекітуге бағытталған.

«Біздің негізгі міндетіміз – Қазақстанның ерекше тарихи мұраларын, өзіндік мәдениеті мен дәстүрін, біздің жетістіктерімізді әлемдік деңгейде көрсету, қазақстандық тарихи тұлғаларды таныту. Біз негізінен фильмді ішкі аудиторияға арнап түсіреміз. Ал, әлемдік үрдіс бойынша кино картиналар өз тарихы мен мәдениетін сапалы түрде дүниежүзіне танытуға бағытталады», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бұл орайда, нарықта сұранысқа ие әрі материалдық және материалдық емес табыс әкелетін отандық фильмдерде түсірілуде. Оның ішінде отандық және шетелдік кино айналымында танымал «28 панфиловшы» фильмі, «Елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші фильмі бар. Ұлттық кино айналымындағы алғашқы бестікке Ақан Сатаевтің «Анаға апарар жол» картинасы да енді.

Астанада өткен отандық және француз кино мамандарының кездесуінде шетелдік кино сарапшылары қызықты өз пікірлерін білдірді.

Танымал француз кино сарапшысы, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің кинематографиясы бойынша Юнифранс жетекші маманы Жоэль Шапрон француз киносының сәтті дамуына қаржыландырудың жаңа механизмдері мен қағидаларын құру айтарлықтай ықпал етті деп санайды.

«Бүгінде Францияның Мәдениет министрлігі ешқандай отандық киноны қаржыландырмайды. Біз мемлекеттік бюджетке параллельді жұмыс жасаймыз. Біз әртүрлі кино түсіріп, оларды шетелге шығаруға тырысамыз», — дейді ол.

Жоэль Шапронның айтуынша, қазақ киносына қолдау қажет, атап айтқанда, кино өндірісі саласында салықтық жеңілдіктер қарастыру маңызды.

«Қандай фильм түсіру және көрерменге не көрсету қажет, оны шенеуніктер емес, кәсіби мамандар шешуі тиіс. Бұл орайда, сіздің министрліктің киноматография ұйымдарының қызметін заңнамалық бөлу әрекетін қолдауға болады», — деп атап өтті Жоэль Шапрон.

Өңірлердегі және елді мекендерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде кино көрсету желісін кеңейту маңызды мәселе ретінде сақталып отыр. Бұл ретте, кино өндірісі мен айналым үрдісінің барлық қатысушыларының жаңа іс-қимыл формасын құру қажет.

Айта кетейік, Қазақстанда қызмет ететін 35 киноөндіріс ұйымдары жылына 250 кино картина шығарады, оның ішінде телевизиялық және жеке жобалар да бар. Жалпы кинопрокат көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі 6% құрайды. Кинокөрсетілімді 93 кинотеатр, 247 кинозалдар және 368 жылжымалы және стационарлы киноқондырғылар қамтамасыз етеді. Соңғы үш жылда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық фильмдер өндірісі аясында 100-ден аса фильм шығарылды. Қазіргі уақытта 40 картина түсірілу үстінде.