Шымкент тұрғындарының 100%-і вакцинаның І компонентін салғызды

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, бұл – иммундау шарасының нәтижесі.

Шымкент коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқы 100% жоспарды орындады. Бүгінде вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Бұған қоса бұл категорияға қосымша 60 мың адам қосылған. Ал ІІ компонентін 454 848 адам алған, — деп хабарлады Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емханаларда COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау аптаның жеті күнінде сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да