1,5 мың үй көктемде су астында қалуы мүмкін

Синоптиктердің болжауынша, қаңтарда біздің аймақта сібір антициклонының әсерінен ауа райы -38 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұның салдарынан су одан сайын қатты  мұз болып қатады.

«Наурыздың үшінші онкүндігінде ауа температурасы 8 градус нөлден жоғары жылы болады деп күтіліп отыр. Осындай ауа райының күрт жылынуы салдарынан қар қарқынды түрде еріп, су тасқыны болуы мүмкін. Облыстың көптеген су қоймасы толып тұр және 20-дан астам елдімекенге су алу қаупін төндіреді. Сондай-ақ, теміржол мен автомобиль жолдарын шайып кетуі ықтимал. Аймақта 95 елдімекен су астында қалуы мүмкін деп анықталып отыр. Мұнда 1,5 мың үй бар және 4,7 мың адам тұрады»,  — деп мәлімдеді Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылардың мәліметінше, 20-дан астам елдімекен су астында қалуы мүмкін. Аталған аумақта шамамен 5 мың адам тұрады. Сондай-ақ, 153 автомобиль учаскесі және ұзындығы 50 шақырымнан астам теміржол бар.

ДереккөзBnews.kz