Алексей Цой: Қазақстанда медициналық сынақ орталығы құрылады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында айтты.

Медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға, маман даярлауға және халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қаржы бөлу бойынша қосымша шаралар қабылданды. Ауылдарда медициналық көмектің үлесі арттыру үшін 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу көзделген, — деді министр.

Оның айтуынша, инвестициялық жоба аясында елімізде 20 заманауи аурухана мен 2 ғылыми-инновациялық орталық салынып жатыр.

Сонымен бірге өңірлік медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту үшін 85 млрд теңгеге кем дегенде 20 нысан салу және жаңғырту көзделген. Халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 386,5 мллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Президент отандық фармацевтикалық өнім үлесін 17%-тен 50%-ке дейін жеткізуді тапсырды. Соның аясында министрлік жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтаты жандандырып, инвестор тартуда, технологиялар мен жаңа әзірлемелердің трансфертін іске асыра бастадық, — деді Алексей Цой.

Ведомство басшысы сонымен бірге медициналық бұйымдарды санқта өткізетін арнайы орталық құрылатынын атады.

Халықаралық стандарттар бойынша аккредиттелген медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақтар жүргізуге арналған орталық құру міндеті тұр. Аталған іс-шараға 18,3 мллиард теңге сомасында қаржыландыру қарастырылған, — деді Алексей Цой.