Үкімет үйінде өткен брифингте Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау департаменті зертханалық сынақтар орталығының бастығы Айгүл Жұмақанова бұл төртінші толқын басталғанын көрсетуі мүмкін екенін баса айты.
Маман жыл сайын елде қараша-желтоқсан айларында тұмау мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артатынын еске салды.
Бұл коронавирус инфекциясының төртінші толқынымен сәйкес келуі мүмкін деген болжамдар бар. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тартуға шақырамын, – деді ол.
Айгүл Жұмақанова халықты COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға шақырды.
