Еліміздің кей жерлерінде жел соғып, бұрқасын болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Астана қаласында аспан аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс бағытынан соққан жел 2-7 м/с күшейеді. Ауаның температурасы түнде -21-23°С, күндіз -11-13°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұнде тұман болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз -1-3°С болады.

 

ДереккөзBaq.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да