Алматыда коронавирус жұқтырған жүзге жуық бала емделіп жатыр

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте Алматыда 547 адамның вирус жұқтырғаны анықталған, оның 506-да симптомдық белгілері бар және 41 симптомсыз. Сондай-ақ 229 науқас емделіп шығарылған, ал, келіп түскендер саны – 210. Инфекциялық стационарларда 219 адам ем алып жатыр, оның 98-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 223 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратында – 49, инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында – 91, High flow-да 65 аппарат жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 047 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4 898, симптомсыз 149. Сонымен бірге 23 қыркүйекте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 2 287 адам, 2-компонентін 3 398 адам салдырған.