Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы қорының басшысы болып тағайындалды

БЖЗҚ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева:  «Бірауыздан төрайымы болып Нұрбибі Наурызбаева сайланды», — деп хабарлады.

Бұған дейін Нұрбибі Наурызбаева Ұлттық Банк ішкі аудит департаменті директоры болған. Ұлттық банк БЖЗҚ жеке қаражатын Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға тапсыру туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, сот бұрынғы басшы Руслан Ерденаевқа  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ сот Тәуекелдерді басқару департаментінің қаржылық тәуекелдер басқармасының бастығы Мұса Бахытов, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағаринаны қамауға алу шарасын өзгеріссіз қалдырды.

ДереккөзInform.kz