Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакциналау басталады

Министрліктің өкілі биыл бюджет есебінен Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 2,5 млн дозасы сатып алынғанын атап өтті.

Жақындап қалған ЖРВИ, яғни тұмау маусымына айрықша тоқталып өткім келеді. Вакцина құрамында алдағы маусымға қарсы штамм бар. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы – 10 проецент. ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады, – деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ресейлік вакцинадан бөлек Қазақстан аумағында тағы 3 өндірушінің 4 вакцинасы тіркелген. Атап айтқанда, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланды) мен Синовак Биотек (Китай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың ең әлсіз тобы вакцинацияланатындығын атап өткім келеді. Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалары. Бұған қоса, жұмыс берушілердің және халықтың жеке қаражаты есебінен де вакциналау жүргізіледі, – деді Марат Шоранов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да