«Достық-Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысы басталады

Форумда Қазақстан президенті тиімді көлік инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызына баса мән берді.

Сонымен бірге транзиттік тораптарды дамытуда еліміздің әлеуеті мен мүмкіндіктері жөнінде, соның ішінде, осы саладағы ұлттық жоспарларды Еуразиялық экономикалық одақтың қызметімен және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасымен ұштастыру туралы кеңінен айтты.

Қазақстан транзиті өзінің экономикалық тұрғыдан тартымдылығы мен сенімділігін дәлелдеді. Сондықтан инфрақұрылымды жетілдіру ісін жалғастыра береміз. Атап айтқанда, ҚХР-мен арадағы транзиттік қатынастарды кеңейту үшін «Достық – Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысын бастаймыз, – деді президент.

Президенттің айтуына қарағанда, бұған бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады.