Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды

Министрліктің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан 96 адам көз жұмған. Ал 1 ұқыркүйекте коронавирус белгілері бар пневмонияның 358 жағдайы және 21 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап ауырғандар – 70 608, 4 506 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 58 796 жетті.

31 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан (–106 538+ және 6 864 КВИ-) емделсе, олардың ішінде 25 582 науқас стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Десе де, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 791 адамның жағдайы ауыр. Ал 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.