Арыстағы жарылыстан аман қалған оқ-дәрілер Жамбыл облысына жеткізілген

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылысқа қатысты БАҚ-тағы хабарламаларға ресми түсіндірме берді.

Қорғаныс министрлігі пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы – «Қазтехнология» акционерлік қоғамына береді. Содан кейін «Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді өндірістік кәдеге жарату, олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алу және оларды жою процесін жүргізеді. Осыдан кейін ғана оқ-дәрілердің сынықтары электрон Gosreestr.kz. сауда алаңы арқылы осыған уәкілеттік берілген «Қазтехнология» АҚ арқылы сатуға шығарылады. Табылған снарядтардың қалыптары мен оқсауыттары – бұл оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрон сауда алаңы арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл металл сынықтарын «Бақтияр-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдың наурызы соңында Түркістан облысы Арыс қаласындағы «Қазақтехнология» АҚ металл сынықтарының қоймасымен жасалған шартқа сәйкес сатып алған.

Министрлік Арыстан жарылыстан аман қалған инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі Жамбыл облысындағы қоймаға жеткізілгенін хабарлады.

Алайда Арыстан Жамбыл облысындағы қоймаға артиллерия оқ-дәрілері — снарядтар, зымырандар тасымалданған емес. Өйткені бұл қоймада да осындай оқ-дәрілер түрі сақталады. Бұл қоймада артиллерия оқ-дәрілері сақталмайды.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді.

2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы күштердің қатарынан запасқа шығарылды. Ал нақты Байсақалов 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынды. Маусым айында өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы, майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды. Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар. Қазіргі кезде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізіп жатыр.

Өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған.

Бұдан әрі Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілет беріледі. Ол үшін Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде елдімекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объекті туралы мәліметтер болуға тиіс, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 тамызда кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Салдарынан 15 адам қаза тапты. 10 марқұмды президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградамен марапаттады.

Қазақстан халқы 29 тамызда Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да