Президент Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарды марапаттады

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін І дәрежелі «Айбын» орденімен наградталғандар:

Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) — Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры

Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары);

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы

Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі)

Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі)

Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) — Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы)

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы

Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) — Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды (марқұм).