7 жасар Томирис бүгін 1-класқа келді. Қолында гүл шоғы бар. Мектебімен және алғашқы мұғалімімен танысады. Бұл маңызды күнде Томиристі білім ордасына атасы Талғат Кикелов ертіп келіпті.

69927e6f761b22755e55d3c3818fb497 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
a4687ea855a139bb6cc964c4d6c56aa5 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мен де, Томиристің әжесі де 40 жыл бойы білім саласында қызмет еттік. Сол себепті білім күні — біз үшін ерекше мереке. Бұл мектепте, міне, үшінші немерем оқиын деп жатыр. Қиын заманға қарамастан, сабақтың дәстүрлі форматта өтетініне, оқушылардың класс ішін, ұстаздарын көргеніне қуаныштымыз. Болашақта немереміз білікті де білімді азамат болады деген сенімдеміз, — деді Талғат Кикелов.

2c9a4a6d867f03e742e08f7742ee90f3 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алғашқы қоңырау басталды. Пандемияға байланысты салтанатты жиынға тек 1-класс оқушылары мен ата-аналары қатысты. Томирис және басқа оқушылар класс-класқа бөлініп, тізіліп сапқа тұрды.

1 қыркүйек, мектеп, білім күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Карантин талабына сәйкес, балалар медицина маскасын таққан. Қолдарында алғашқы мұғаліміне беремін деп әкелген гүл шоғы бар.

3445b09804e2e3afac2d031d23805dd5 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
5509ae1fdc72bc8f6a06adb3e07f8ee9 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
19baad7fb93a323f6dfaff7204accdf4 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1 қыркүйек, мектеп, білім күні, гүл
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Салтанатты жиында ең әуелі Мемлекеттік Ту шығарылып, Гимн орындалды.

339017a583371ec1207cd71850dfdfe4 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
fc5c9a2c50e966113122b518c8b906c5 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
70a73bc0456ba49a3ab478bd37abb936 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Артынша мектеп директоры Бағила Әшімбаева кішкентай бүлдіршіндерді мектептегі алғашқы қадамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

9351491579635675bd70a52ab673b1ea Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл жыл ерекше болмақ. Себебі Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесінің негізінде жасалған «Әліппені» оқисыздар. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасыздар, — деді мектеп директоры.

Мектепке енді келгеніне қарамастан, 1-класс оқушылары өнер көрсетті. Ән айтып, би биледі.

bfee5513c581bd77d3baa7aeddee9d37 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d9b485af473bbf672e11619f7dc8a905 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Концерттен соң 1 және 11-класс оқушылары алғашқы қоңырауды соқты.

6eedd39a9277eaed7e068532fcfce1ae Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
8e20a4bf106d266e6353dd81dc6b817b Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қоңырау соғылған соң оқушылар мұғалімдерімен бірге класқа қарай бет алды. Класс жетекшілері балаларды отырғызып, жеке-жеке танысты. Сонымен бірге сынып сағатын өтіп, мектеп тарихы жайлы әңгімелеп берді.

0ec64255359f264151f488949f6ac46c Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
5d50c9c9c9e895d5ad0ed2ed4f89c9d5 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
c7f2f6a30a678466773d3e2d3d856bd0 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b17dd39acb560884ec3be42a3257e801 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейіннен мұғалім бүлдіршіндерге «Әліппе» таратты. Алғашқы оқулығына ие болған оқушылар мәз-мейрам. Бірі кітаптың мұқабасына қызықса, енді бірі ішіндегі суреттерді тамашалап жатыр.

4d910e26b0e5cbd1bf1966cde6043036 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
3dbe2fb9caf8d5ad0ff9a4eb70ada2af Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
5c8a50f5ff8c39d8c1b4e76d8d8b2c71 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мектеп директоры Бағила Әшімбаеваның айтуынша, 2021-2022 оқу жылында Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында 2 075 оқушы білім алады. 1-класқа 390 оқушы қабылдаған. Карантин шектеулеріне байланысты алғашқы қоңырауды үш кезеңге бөліп өткізіп жатыр екен.

225b145fb08e828613ee9f5fe10ef421 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сағат 08.00-де бірінші алғашқы қоңырау өтті. Сіздер қазір екіншісін қатысып отырсыздар. Одан кейін үшіншісін өткіземіз. Бұл — карантин талабын сақтау шарасы. Биылғы мақсатымыз —  қашықтан оқыған 1,5 жыл ішінде кеткен олқылықтарды түзеу. Бұған мамандарымыз дайын. Жаз бойы кәсіби білімдерін дамытып келді, — деді мектеп директоры.

Бағила Әшімбаева мектепті үздік көп оқушы бітіргенін айтады және мектеп табалдырығын бүгін аттаған 1-класс оқушылары да жетістікке жететініне, білімді азамат болып өсетініне сенімді.

0217e9003f11945e3b7fb8aaa729ac9e Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1f0cfbe78a9c5182b5a81fe6be989850 Фоторепортаж. Пандемиядағы алғашқы қоңырау қалай өтті?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы