Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері:
- 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т.
Еске салайық, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада өрт шығып, кейін қойма жарылды.
Президент жарлығымен кеше, 29 тамызда Қазақстан халқы жарылыстан қаза болғандарды аза тұтты.
Кеше, 29 тамызда Жамбыл облысындағы жарылыс болған аумақта тағы да жалын шықты. Зардап шеккендер жоқ.
