Басты бет / Жаңалықтар /
77a6ee6286f53fb0e3b66402fd1d4dc6 Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 болды
Видео скрині

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Қорғаныс министрлігінің саперлеры оқиға орнынан  тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада өрт шығып, кейін қойма жарылды.

Президент жарлығымен кеше, 29 тамызда Қазақстан халқы жарылыстан қаза болғандарды аза тұтты.

Кеше, 29 тамызда Жамбыл облысындағы жарылыс болған аумақта тағы да жалын шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook