Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі

Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз, − деді Асхат Аймағамбетов.

Оған қоса білім министрі еліміздегі жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін баса айтты.

Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды,− деді ол.

Еске сала кетейік, биыл педагогтердің құқықтарын бұзу туралы жүзден астам өтініш қаралды. Жаңа жылдан бастап балабақша мен мектеп, колледж педагогтерінің жалақысы 25 пайызға көбейеді.