Нұрсұлтан Назарбаев вакцина салдырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған.

Ол вакцинациядан кейін Қазақстан азаматтарын санитария-эпидемиология қауіпсіздік шараларын сақтауға және белсенді түрде вакцина салғызуға үндеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 миллионға жуық адам вакцина cалдырды. Барлық қазақстандықты вакцинациялауды белсенді жалғастыруға және одан қорықпауға үндеймін. Вирустың жаңа штамдарының пайда болуына байланысты вакцинаны қазір алу өте маңызды. Мұны өз денсаулығыңыз үшін жасауыңыз керек. Біз қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біз осының бәрін бірге бастан өткеруіміз керек. Баршаңызға шын жүректен денсаулық пен игілік тілеймін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырғанын хабарлаған едік.