Басты бет / Жаңалықтар /
Пандемия, карантин, әуежай
Иллюстрация: Dribbble.com/©Igor_Eezo

Алматыда вакцина салдырғандар арасында шетелге жолдама ойнатылады

Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram-парақшасында жазды.

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің «вакцина ал — жүлде ал» науқанымыз жалғасын тауып отыр. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігімен беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз,- деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгінде 2 920 407 қазақстандық вакцина салдырды, оның 386 222 алматы тұрғыны.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok