Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар алматылықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.
Ashyq қосымшасы бойынша қаладағы барлық ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады. Қаланың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.
Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.
Егер қызметті алушыда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады, — деді ол.
Осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайтын болады.