Нұрсұлтан Назарбаев: Оқу жүйесіне енгізілген реформаны қайта қарау керек

«Біз кішкентай балаларға тым ауыр жүк артамыз, мұндай білім жүйесі ешбір елде жоқ. Кейде біз американдықтар Әзірбайжан мен Тәжікстанды ажырата алмайды деп сынайтын едік, ол расымен де солай, мұндай нәрселерді американдар өсе келе үйренеді. Олар өмір сүруді, өз білімін қалай пайдалануды, өмірде аяққа тұрып кетуді үйренеді. Ал біз оны өте ерте бастан үйретеміз, байғұс кішкентай балаларымыз таңнан кешке дейін күннің жарығын көрмейді», — деп мәлімдеді Елбасы сейсенбі күні болған ХХІV Қазақстан халық Ассамблеясында. Елбасының ойынша, оқу жүйесі реформасының айналасындағы дау-дамай ақпараттың жеткіліксіз және шешімді дұрыс қабылдамағандықтан пайда болды.

«Оқу жүйесіндегі жаңа реформаны халықтың ойымен санаспай, пікірін тыңдамай қабылдай салды. Мұндай өзгерістер оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін қажет. Барлық тараптың пікірі қаралуы тиіс. Ойланбай жасаған тәжірибелер қажет емес, бізді ешкім қуып бара жатқан жоқ», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, бес күндік оқу жүйесінен мамандарды қысқартудың қажеті жоқ, барлығын оқу жоспарына ыңғайлап жасалуы керек екендігін қоса кетті.

ДереккөзҚамшы