Қазақстанға қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.

Біз екі елдің уағдаластығы арқасында баға жетпес жүк алдық. Бұл вакцина Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға және одан әрі жақсартуға қызмет етеді. Препарат ертең Алматының егу пунктілерінде қолжетімді болады және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Бүгінде Алматыда 300 мыңнан астам адамға екпе салынды. Біз қала тұрғындарын өзінің және жақындарының денсаулығына байыпты қарауға шақырамыз, вакцина — бүгінде коронавирус инфекциясының алдын алудың ең тиімді құралы, — деді Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Алматыдағы өкілдігінің басшысы Асқар Шоқыбаев ҚХР-дан CoronaVac вакцинасын жеткізу туралы уағдаластықтарды іске асыруы COVID-19 пандемиясына бірлесіп қарсы тұруда қытайлық әріптестермен басталған сындарлы ынтымақтастықты сәтті жалғастырудың мысалы ретінде қарастырылатынын айтты.

Асқар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады.

CoronaVac вакцинасын Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануға мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, «Спутник V» және Hayat-Vax вакциналарының тізбесін толықтырады.

CoronaVac, Вакцина
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

CoronaVac вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.