«Халықаралық талаптарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органы қызметкерлері көлік тоқтату құралын пайдаланбайды. Көліктер тек қолдың ишарасымен бір уақыттағы қатар соғылған ысқырықпен немесе көлікке орнатылған дабылмен тоқтайтын болады. Сондай-ақ автопатрульдеу жүйесі де қолданылады», – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарын модернизациялау аясында ІІМ жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық тәжірибені меңгерді. Еуропа елдерінде жол полиция қызметкерлері таяқ ұстамайды.
Жол жүру ережесін бақылау үшін бейнебақылау камералары мен видеотіркеу орнатылады.