«Реал» ресми түрде Зинедин Зиданның кеткенін жариялады

Зиданның шешімін құрметтеуіміз керек, оның кәсібилігіне, адалдығына және осы жылдар ішіндегі ойындар үшін бар күш-жігерін жұмсағанына, сонымен бірге «Реал Мадрид» үшін маңызға ие болғанына алғыс білдіреміз, — делінген команданың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Зинедин Зидан «Реалды» 2016 жылдан 2018 жылға дейін басқарды, содан кейін 2019 жылы «корольдік клубтың» жаттықтырушысы болды.

Оның басшылығымен мадридтік клуб екі рет Испания чемпионы (2016/17, 2019/20), екі рет елдің Суперкубогын жеңіп алды (2017, 2019/20), үш рет (2015/16, 2016/17, 2017/18) Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, екі рет (2016, 2017) УЕФА Суперкубогын еншіледі және екі рет (2016, 2017) әлем чемпионатының жеңімпазы болды.

Айта кетейік,  Зинедин Зидан «Реал» ойыншыларына маусымның соңында командадан кететінін айтқан еді. 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған.

ДереккөзҚазАқпарат