Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиология ахуалы әлі де күрделі

Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штамдардың 84%-ке дейін тіркелгенін еске салды.

Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтырудың төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған, — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы тәуліктің өсімнің 3 есе азайғанын, ауру көрсеткішінің кейінгі 7 күнде 7,7%-ға төмендегенін айтты.

Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ға дейін төмендегені байқалды. Алайда, коронавирустың симпомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ға дейін өсті, — деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитар дәрігерінің айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантин шектеулерін енгізілгені оң әсер еткен. 20%-тік иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-і вакциналанған және 5%-і кейінгі жарты жылда ауырып-жазылғандар.

Сондықтан Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да