Алматыда вакцина салғызғандар арасында ұтыс ойыны өткізіледі

Ұтыс ойынына қатысу үшін 22-31 мамыр аралығында вакцина салғызуыңыз керек. Бұл туралы сауда және ойын-cауық орталығы Instagram-парақшасында хабарлады.

Құрметті Алматы тұрғындары! Globus сауда орталығы сіздерді супер ұтыс ойынына қатысуға шақырады! 22-31 мамыр аралығында COVID-19 вакцинасын алып, Iphone 12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысыңыз!, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін осындай акцияны Алатау ауданының әкімдігі мен аудандық медициналық ұйымдар аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Строй Сити», «Ақбұлақ» және «Жібек жолы» сауда базарларында өткізген еді.