Нұрбек Дайырбеков ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2019 жылдың сәуірінен қарашасына дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарушы директоры болды.

2019 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.