Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Душанбеге барды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары. Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды, — делінген жазбада.

Берік Уәли ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланғанын хабарлады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сонымен бірге мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездеседі, — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.