Қазақстан Токио Олимпиадасы ойындарына қанша қаражат бөледі?

Вице-министрдің айтуынша, барлық қаражат Ұлттық олимпиада комитеті арқылы өтеді. Себебі, құрылған ұлттық құрамалар сонда шоғырланған.

Ұлттық олимпиада комитеті министрлік арқылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына шамамен 15 миллиард теңге бөледі, — дейді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ерлан Қожағапанов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына шамамен 6 миллиард теңге жұмсалғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары ел намысын спорттың 30 түрінен қорғайтынын, бүгінде қоржында 53 лицензия бар екенін айтты.