Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан, өткен тәуліктерде халықаралық, республикалық және жергілікті маңыздағы 20 бағыт бойынша автокөлік жолдары жабылды. Қар аралас қатты дауыл «Көкшетау — Астана» күре жолында адым жерді көрсетпей тастаған. Басқа бағыттарда да осындай келеңсіздіктер орын алған.
Барлық бағыттарда қосымша 40 пост және жол-патрульдік қызметінің экипажы құрылып, 200 қоғамдық қауіпсіздік өкілі жұмылдырылды. Нәтижесінде 3000-нан астам көлік қауіпсіз жерлерге шығарылған.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі тәулік бойғы кезекшілік тәртібіне көшіріліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал жасауда.