Бораннан 3000 автокөлік шығарылды

Полиция және төтенше жағдай­лар тарапынан бірнеше мәрте ескертпе жасалғанымен, жүргізушілердің басым бөлігі сапарын жалғас­тырып, өздерін және жолаушылар­ды орасан зор қауіпке ұшыратуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Қысқы жол

Ақмола облысында ауа райы­­ның қолайсыздығынан, өткен тәуліктерде халықаралық, респуб­­ликалық және жергілікті маңыз­дағы 20 бағыт бойынша автокөлік жолдары жабылды. Қар аралас қатты дауыл «Көкшетау – Астана» кү­ре жолында адым жерді көр­сетпей тастаған. Басқа бағыттарда да осындай келеңсіздіктер орын алған.

Барлық бағыттарда қосымша 40 пост және жол-патрульдік қызметінің экипажы құрылып, 200 қоғамдық қауіпсіздік өкілі жұмылдырылды. Нәтижесінде 3000-нан астам көлік қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қазіргі уақытта Ақмола облыстық ІІД жергі­лікті полиция қызметі тәулік бойғы кезекшілік тәртібі­не кө­шіріліп, жол-көлік оқиғала­рының алдын алуға ықпал жасауда.