Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа Конституциясына қол қойды

Бұл туралы жергілікті 24.kg порталы хабарлады.

Садыр Жапаров сонымен бірге «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» Қырғыз Республикасының Заңына қол қойған.

Айта кетейік, негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын қолдап 79,3%, қарсы 13,7% дауыс берген. Қатысқандар саны 36,6% болған. Шара 11 сәуірде, бір күнде 28 қала мен 420 аймақта жергілікті сайлаумен өтті.

Кейбір қырғызстандық БАҚ пен азаматтық белсенділер Конституция жобасын «ханституция» деп сынға алған, ал Садыр Жапаровты билікті тартып алуға әрекет жасады деп айыптады.

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да