Мирас Дәленов білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскеменде дүниеге келген.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жеке заң фирмасында заңгер болып бастаған.

2004-2005 жылдары Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі болды.

2006-2007 жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі; доцент міндетін атқарушы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры болды.

2015-2019 жылдары КАЗГЮУ Салық Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының басқарма төрағасының орынбасары, директоры (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор), 2018-2019 жылдары КАЗГЮУ Салық Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының провосты – директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдың желтоқсаннан бастап қазірге дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.