Басты бетҚоғамАҚШ хатшысы:...

АҚШ хатшысы: Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, соның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалары туралы айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.