Басты бетҚоғамБиыл Отан...

Биыл Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қалай тойланады?

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен онлайн-брифингіде Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович айтты.

Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, биыл қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуге Жеңіс шеруіне бармайды.

Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің Қызыл алаңдағы шеруге қатысуы бастапқыда жоспарланбаған. Былтыр біздің әскери қызметшілер Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай барғанын білесіздер, — деді Виталий Адамович.

Виталий Адамович 7 мамыр мен 9 мамыр мерекелеріне орай қалалар мен өңірлерде шағын шерулер ұйымдастырыла ма деген сұраққа жауап берді.

Әрине, Қарулы күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитария-эпидемиология талаптарын ескере отырып, еліміздің барлық өңірінде өтеді. Яғни, іс-шаралар негізінен онлайн форматта өтеді. Оған қоса біздің «Жас сарбаз» қозғалысы бірқатар шара жоспарлап отыр. Жас патриоттар да Қарулы күштердің ардагерлерін құттықтайды. Әр өңірдің эпидемиология жағдайы («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтар) мүмкіндік берсе, тиісті салтанатты жиналыстар өткізіліп, ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылады, онда қызмет ету тәжірибесі туралы айтады. Негізгі ұйымдастырылатын іс-шаралар осы, — деді ол.

Ведомство өкілі сонымен бірге мерекелік іс-шаралар әлеуметтік желілерден көрсетілетінін айтты.

7 мамыр және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – барлық қазақстандық үшін айтулы күндер. Әрине, біз республикалық телеарналарда да, Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында да, «Жас сарбаз» қозғалысының Youtube-арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде бірқатар көрсетілім жоспарладық. Біз Қарулы күштердің ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету үшін өткізілетін барлық шараны көрсетуге тырысамыз, — деді Виталий Адамович ведомствоның онлайн-брифингінде.

Сонымен бірге, қазақстандықтар 7 мамырда сағат 15.30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетілетін мерекелік бағдарламаны тамашалай алады.