21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, тек оңтүстік шығыс аумақтарда ауа райы — жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, Ақмола,  Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің екіпін 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с артады, күндіз кей жерлерде бұрқасын болады.

Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең 15-20 м/с екпінде жел болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерді тұман басады.

ДереккөзҚазАқпарат