Nur Otan өңірлердегі вакцинацияны бақылауына алады

Партияның баспасөз қызметі хабарына қарағанда, өңірлердегі партиялық бақылау комитеті мен комиссияларының бірінші кезектегі міндеті —  электорал міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету.

Сонымен бірге өзекті бағыттардың қатарында мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу сияқты тағы да басқа мәселелер бар.

Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің де жұмыс кестесі мен жаңа құрамы бірінші отырыста бекітілді.

«Сыбайлас жемқорлық пара беру мен пара алу ғана емес. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарау және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау да соның көрінісі. Онымен барлық шараны қолданып, күресуіміз қажет», — деді Ерлан Саиров.

Еске салайық, бұған дейін Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында билеуші партияның өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қалай қамтамасыз етуге ниетті екенін айтқан еді.

Оның сөзінше, партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалады.

Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орына Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Осындай кеңестер өңірлік деңгейде де құрылады.

Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескеріп, сонымен бірге партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ел көлемінде азаматтардан түскен өтініштерге жасалған талдауға негізделе отырып, жария түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар Бауыржан Байбек Nur Otan кеңестерінің алдында сарапшылар қауымдастығын өткір әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сонымен бірге азаматтық бастамаларды қолдау міндеті тұрғанын атап өтті.