Ұлттық банк төрағасының орынбасары ауысты

Мемлекет басшысының өкімімен Дина Ғалиева Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «экономист-есепші» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылықтың Касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы болып бастаған. Әр жылдары ол Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтер атқарған.

2008-2014 жылдар аралығында қаржы вице-министрі болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін қаржы вице-министрі болған.

2019 жылдың наурызынан бері қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.