Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы 2 мыңнан асты

3 сәуірдің қорытындысы бойынша Қазақстанда тағы 2 054 адам коронавирус жұқтырды.

Коронавирус, жедел жәрдем
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 36 412 (+572);
Нұр-Сұлтанда – 32 447 (+476);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 000 (+37);
Павлодар облысында — 19 220 (+41);
Атырау облысында — 19 040 (+100);
Қарағанды облысында — 18 064 (+84);
Ақмола облысында – 15 514 (+46);
Батыс Қазақстан облысында – 15 471 (+109);
Қостанай облысында — 13 927 (+35);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 104 (+18);
Алматы облысында — 14 473 (+278);
Шымкентте -7 081 (+63);
Жамбыл облысында – 6 489 (+25);
Ақтөбе облысында — 5 668 (+82);
Түркістан облысында – 4 557 (+26);
Маңғыстау облысында — 4 499 (+24);
Қызылорда облысында — 4 141 (+38).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 253 107-ге жетті.

Жазылғандар статистикасы

1 229 адам коронавирустан жазылды. Елімізде барлығы 223 835 адам COVID-19-дан айықты.

COVID-19 белгілері бар пневмония

2 сәуірдегі мәлімет бойынша 50 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды. 4 науқас қайтыс болды. 169 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 50 815 адам пневмония жұқтырды, 700 науқас қайтыс болды. Барлығы 48 779 адам аурудан айықты.