Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аренаның» атауын өзгертуге қарсы екенін айтты

Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында хабарлады.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысы белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқыланып жатыр. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, — деп жазды Айдос Үкібай.

 

Айта кетейік, Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған еді.