Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус ахуалы қалай өзгерді?

Жаңа дерек Алматыда көп тіркелді. Қалада бір тәулікте 360 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Нұр-Сұлтанда 173 адамнан коронавирус анықталды. Ал Қылылорда облысында кеше бірде-бір дерек тіркелмеген!

Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 27 361 (+360);
Нұр-Сұлтанда — 26 449 (+173);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 453 (+24);
Павлодар облысында — 18 463 (+50);
Атырау облысында — 17 669 (+45);
Қарағанды облысында — 16 111 (+72);
Ақмола облысында — 14 454 (+57);
Батыс Қазақстан облысында — 13 795 (+60);
Қостанай облысында — 13 069 (+48);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 728 (+28);
Алматы облысында — 11 619 (+86);
Шымкентте — 6 351 (+7);
Жамбыл облысында — 6 128(+16);
Ақтөбе облысында — 4 504 (+12);
Түркістан облысында — 4 352 (+8);
Маңғыстау облысында — 4 298 (+3);
Қызылорда облысында — 3 916 (+0).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 223 720-ға жетті. Оның 206 149-ы аурудан айықты, 2 851 адам қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

12 наурыздағы мәлімет бойынша 52 дерек тіркелді, 180 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 801 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, оның 44 895-і аурудан айықты, 653-і қайтыс болды.