Интернеттен ізделетін ең қызық сұрақтар

«Қазақстандық қолданушылар жіберетін қызықты сауалдар жетерлік. Мысалға, «Картоннан iPhone қалай жасауға болады?», «Тоңазытқыш — екпін белгісі қайда қойылады?», «Үйден ақша толы әмиянды қалай тауып алуға болады?», «Тайпаларды әйелдер басқарған заманда әйелдерді қалай атаған?», «Ғарышта неге ауа жоқ?», «Вованың толық есімі қалай жазылады?», «Логика қайда?» тағы сол сияқты сұрақтар. «Мұндай сауалдар шынымен бірегей, олар айына бір-екі рет кездесіп тұрады», — деп жауап берді Яндекстің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Яндекс биыл қазақстандық қолданушылардың қызығушылығын тудырған оқиғалар мен тұлғаларды анықтады. Осылайша, ТОП-10-ға: 5 маусымда Ақтөбеде болған теракт, Еуровидение байқауы, Қазақстанда көктемде болған митингтер, iPhone 7-нің шығуы, 18 шілде күні Алматыда болған теракт, Оскар сыйлығын тапсыру рәсімі, АҚШ-тағы президенттік сайлау.

Ал жыл адамдары Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Марго Робби (австралиялық актриса), Николь и Алиса (YouTube-тағы танымал балалар арнасы), Ислам Каримов, Леонардо Ди Каприо, Демет Оздемир, Юсуф Чим (түркиялық актерлер), Ерасыл Әубәкіров, Сафар Шакеев болды.

Сұранысқа ие үздік он фильм — «Отряд самоубийц», «Дэдпул», «Зверополис», «Иллюзия обмана 2», «Бэтмен против Супермена», «Боги Египта», «Черепашки-ниндзя 2», «Кунг-фу панда 3», «Варкрафт», «Тайная жизнь домашних животных».

«ҚазАқпарат» тілшісіне Яндекстің баспасөз қызметі қазақстандықтар күніне 3,5 миллион сауал жіберетінін айтты. «Сауалдар көлемі айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз қалып отыр», — деп мәлімдеді Яндекс.

ДереккөзҚазАқпарат